Бұл Ормуз шығанағындағы және Таяу Шығыс аймағындағы жағдайдың нашарлауына байланысты қабылданған.
Компания мәліметінше, Дубайға ұшатын рейстер 21 шілдеден бастап 31 тамызға дейін орындалмайды. Ал 21 шілдеге дейінгі рейстер жолаушыларды кері қайтару үшін жүзеге асырылады.
Әуе компаниясы жолаушыларға бірнеше мүмкіндік ұсынды: билеттердің толық құнын сатып алған жері бойынша қайтару немесе сапар күнін кейінге ауыстыру. Сондай-ақ Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондау мүмкіндігі беріледі.
Еске салайық, бұған дейін Air Astana 15 шілдеден бастап Дубайға рейстерді қайта іске қосатынын хабарлағанбыз.