Енді олар Ирак пен Иранның әуе кеңістігінен өтпейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дегенмен ұшу уақыты төмендегідей ұзартылады:
Алматы - Дубай 20 минутқа,
Дубай – Алматы 10 минутқа,
Нұр-Сұлтан – Дубай 55 минутқа,
Дубай – Нұр-Сұлтан 35 минутқа.
«Air Astana оқиға барысын бақылауда ұстап, өзгерістер болса көпшілікке хабар береді. Жолаушылардан ұшу кестесін airastana.com сайтынан немесе төменде көрсетілген Брондау және ақпарат орталығына хабарласып нақтылап алуды сұраймыз:
244 4477 (Алматыдан) және 58 4477 (Қазақстанның басқа қалаларынан), сонымен қатар 7 702 702 4477 нөмірі бойынша», делінген хабарламада.