«Біздің барлық бағаларымыз валютаға байланған. Оны біздің сайттан көре аласыздар. Ал тарифтер бұрынғы деңгейде қала береді. Зейнеткерлерге, студенттерге арналған жеңілдіктер бар. Ішкі рейстердің билет құны өзгермейді», - дейді ол.
Тілшілердің халықаралық рейстердің билет бағасына қатысты қойған сұрағына Б.Тормышева: «Олардың құны 25 пайызға көтерілгенін білесіздер. Қазіргі уақытта оларды қайта жоғарылату жоспарланып отырған жоқ», - деп жауап қайырды.