«Air Astana» компаниясының екі қызметкері 5,4 млн. теңгенің 28 планшетін ұрлады деген күдікпен Алматы әуежайында ұсталды

None
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - 14 наурызда Алматы қаласы әуежайының Көліктегі ІІД Желілік полиция бөліміне «Air Astana» АҚ президенті Питер Фостер арызданып келді. Оның айтуы бойынша, 12 наурыз күні «Air Astana» АҚ әуе кемесінен ішінде жалпы құны 5 миллион 439 мың 507 теңге болатын «IPad» маркалы 28 планшет бар 2 арбаны белгісіз біреулер ұрлап кеткен.

Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

15 наурыз күні аталған факті бойынша ҚР ҚК 175-бабы 4 бөлімінің «б» (ұрлық) тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Алматы қаласы әуежайының Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі жедел-іздестіру шарасы барысында «Air Astana» компаниясының 27 және 28 жастағы екі қызметкерін ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алды.

Қазіргі уақытта күдіктілер Алматы қаласы ІІД-нің уақытша ұстау изоляторында қамауда. Заттай айғақтар алынды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.