Air Astana-ның Орал арқылы ұшатын рейстері тоқтатылды

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Air Astana-ның Орал-Франкфурт-Орал және Орал-Астана бағыттары бойынша, сондай-ақ Алматыдан Оралға және қайтар рейстері тоқтатылды, деп хабарлайды Kazinform «Эйр Астана» әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Орындалмаған рейстердің жолаушыларына тамақ беріліп, тегін қайта брондау немесе билетті қайтару ұсынылды. Орал-Астана рейсінің жолаушыларына қонақүйге орналастыру, тамақтану және трансфер ұсынылды.

«Әуе компаниясы рейстерінің кешігуі және тоқтатылуы қауіпсіздік шараларынан туындағанын ескертеміз. Кідірістер туралы ақпарат алу үшін 7 7272 44 4478 жедел желі арқылы хабарласып, рейстердің мәртебесін әуекомпанияның ресми сайтында тексеруді сұраймыз»,-делінген хабарламада.