«22 наурызда Алматыдан Бішкекке КС109 рейсін орындаған ұшақ техникалық себептер бойынша Алматы халықаралық әуежайына ұшып келді. Оған себеп - май қысымы төмендеп кетіп, соның салдарынан экипаждың №1 қозғалтқышы сөніп қалған. Ұшақ штатты режімде қонды», - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметіндегілер.
Әуе компаниясының техникалық қызмет көрсету мамандары ақаудың себептерін анықтау бойынша жұмыстарды жүзеге асырды.
«Май қысымының түсуі туралы ақпараттың дабыл жүйесінің жалған іске қосылуы салдарынан туындағаны расталды. Қозғалтқыш тексеріліп, майы төгілмеген болып шықты», - делінген хабарламада.
Бұл осы айда компанияның ұшақпен бұзылуымен байланысты болған бірінші жағдай емес.
«Эйр Астана» әуе компаниясының ұшу жарамдылығын қолдау және техникалық қызмет көрсету қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету аға менеджері Сергей Макаренко бұл оқиғаны кездейсоқ жағдай деп атады.