АСТАНА. KAZINFORM – Air Astana әуе компаниясының Алматы – Астана бағыты бойынша ұшқан ұшағы қолайсыз ауа райына байланысты елорда әуежайына қона алмай, Алматыға кері оралды.
Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісіне әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Астана мен Қарағандыдағы қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты KC 641 рейсінің экипажы қону туралы шешімнен бас тартып, Алматыға қайтуға мәжбүр болды», – деп хабарлады Air Astana.
Айта кетейік, жақында Шымкентке бет алған рейс Таразға қонуға мәжбүр болды.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.