Алматы - Астана: Air Astana ұшақтың әуежайға қайта қонуына қатысты түсініктеме берді

АСТАНА. KAZINFORM – 17 желтоқсанда Алматы – Астана бағыты бойынша KC 851 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы борттағы кондициялау жүйесінен иістің пайда болуына байланысты экипаждың шешімімен ұшу әуежайына қайтып оралды .

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесінің командирі Алматы қаласына кері қону туралы шешім қабылдады. Қону жергілікті уақыт бойынша 07:40-та штаттық режимде жүзеге асырылды.

Әуе компаниясының мәліметінше, рейс жолаушыларына ыстық және салқын сусындар, сондай-ақ тіскебасарлар ұсынылды. Жолаушылар Астана қаласына басқа әуе кемесімен сағат 10:15-те жөнелтіледі.

- Аталған оқиғаға байланысты әуе кемесіне қатысты белгіленген тәртіпке сай техникалық тексеру жүргізіледі, - деп жазды Air Astana-дан.