Air Astana ұшағы Қазанға мәжбүрлі түрде қонды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазанда Астанадан Мәскеуге бет алған ұшақ мәжбүрлі түрде қонуына тура келді, деп жазды РИА Новости.

Бейсенбі күні таңертең Airbus ұшағы жолаушыларының бірі өзін жайсыз сезінгендіктен, Қазанға мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлады Татарстандағы Ресей ТЖМ ММ өкілі Андрей Родыгин.

 «Сағат 9.00-де «Қазан» әуежайының диспетчерінен 08.49-да Астана-Мәскеу бағыты бойынша ұшқан Airbus ұшағы жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінгендіктен,  мәжбүрлі түрде қонғаны жайлы ақпарат келіп түсті, деді Родыгин. Бортта барлығы 67 адам болған.

Қазан әуежайында нақтылағандай, өзін нашар сезінген жас жігітке көмек көрсету үшін жедел жәрдем шақырылды. ТЖМ ММ өкілінің айтуынша, жолаушы Республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, ұшақ бағыты бойынша ұшып кетті, - деді Родыгин.