Air Astana жолаушылары Шымкентке жете алмай, қайта оралды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдан Шымкентке бағыт алған Air Astana рейсі ұшпай қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған рейсжолаушылары әлеуметтік желіде наразылық білдіруде.

«Әуежайда 50ден аса жолаушы Air Astana (КС 971, ұшу уақыты 7.35, бағыт Шымкент) сервисіненаразы. Біз аспанға көтеріліп, Қапшағайға жеттік те, айналып айналып, қайтып келдік. Бір сағаттай ұшақтаотырдық. Кейін экипаж желдету жүйесінде ақау пайда болғанын түсіндіріп жатты.Әуежайда менеджерді өзіміз тауып алдық. Менеджер болса Астанадан Шымкенткетәулік бойы жете алмай келе жатқан үлкенкісілерге дөрекілік көрсетті. Менің кездесулерім мен дәрісім болмайтын болды.Амалым құрып,үйіме қайтып келдім», - деп жазды «Қант диабетін зерттеу бойынша Қазақстан қоғамы» АҚпрезиденті Жанай Ақанов.

Бұл оқиғағабайланысты Air Astana өкілдері түсінік берді.

«Уақытшақолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. «Эйр Астана» әуе компаниясы рейстер бөгелген, ұшпай қалған, ауысқан жағдайда Халықаралық әуекөлігі қауымдастығының ережесі бойынша әрекет жасайды. Ең алдымен біріншікезекте жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші орында тұрады. Егер басқа дасұрақтарыңыз болса ce@airastana.com электронды поштасына жазуыңызды сұраймыз»,- деді Air Astana әуе компаниясынан.

Соңғы жаңалықтар