Брифинг барысында қытайлық дипломат Қытай мен Солтүстік Кореяның жақсы көршілер екенін атап өтті.
-Әуе қатынасының қайта басталуы екі ел халықтар арасындағы достық алмасулар мен байланыстарды нығайтуға ықпал ететін оң қадам, - деп атап өтті ведомство өкілі.
Айта кетейік, Air China бұл бағыт бойынша рейстерді 2020 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатқан болатын. Қазіргі уақытта Солтүстік Кореяның Air Koryo компаниясы осы бағыт бойынша жалғыз тасымалдаушы.
Бұған дейін Бейжің мен Пхеньян алты жылдан кейін теміржол қатынасын қайта бастайтынын хабарлаған болатын.
Осыған дейін Мәскеуден Солтүстік Кореяға алғашқы тікелей рейс Пхеньянға қонғаны туралы жаздық.