«Air France» әуе компаниясы қызметкерлері Эбола індетіне байланысты Африкаға ұшудан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның «Air France» әуе компаниясы қызметкерлері Эбола індетіне байланысты Африкаға ұшудан бас тартып отыр, деп хабарлады Би-Би-Си.

Эбола індетінен сақтанған әуе компаниясының кейбір қызметкерлері Нигерия, Гвинея және Сьера-Леоне елдеріне ұшудан бас тартты.

Бұған дейін Африканың бұл аймағына British Airways пен Emirates әуе компаниялары ұшуды тоқтататынын хабарлаған болатын.