Air France уланған кофе үшін 146 мың еуро төлемек

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Air France әуе компаниясы ұшақ кемесінің бортында сапасыз кофе ішіп уланған жолаушыға 146 мың еуро төлейді, деп хабарлайды РСН.

Оқиға алты жыл бұрын болды. Бордо-Париж сапарының жолаушысы ұшу кезінде бортта бір шынаяқ кофе ішіп, кейін өзін нашар сезінген. Жерге қонған соң жолаушының өңешіне операция жасауға тура келді. 

Жәбірленушінің сендіруінше, кофенің құрамында құбырларды тазалауға арналған сұйықтық болған. Оны тікелей дәлелдеу мүмкін болмады, сондықтан сот уланудың жанама белгілері бойынша шешім қабылдады, деп ақпараттандырды РБК.

Қаулыда бұл «жазатайым оқиға» болғандығы айтылған, бірақ ол үшін жауапкершілікті әуе компаниясы тартуы тиіс