Ұшқыштардың мүрделері ұшақтың кабинасында жатты. Бұған дейін капитан өз орнынан апатқа дейін кетіп, басқаруды екінші ұшқышқа тапсырғаны туралы хабарланған. Мүрделердің орналасуы бұл болжамды растамайды. Малайзияның Air Asia компаниясының Airbus A320-200 ұшағы Сурабаидан Сингапурға ұшып, радарлар назарынан 28 желтоқсан күні жоғалып кеткен. Әуе кемесінде 162 адам болды. Соңғы мәліметтер бойынша, қазіргі кезде қаза тапқан 98 адамның мүрдесі табылды.
13:11, 07 Ақпан 2015
AirAsia әуе кемесі ұшқыштарының мүрделері табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия құтқарушылары AirAsia компаниясының апатқа ұшыраған әуе кемесінің екі ұшқышының мүрдесін тапты, деп хабарлайды Detik.com порталынан.