«Біз дүйсенбі күні компанияның барлық рейстер жүйесін тексеретін боламыз», - деп келтіреді Джоко Муржамоджоның сөзін Рейтер агенттігі.
Сонымен қатар ведомство өкілі келешекте AirAsia компаниясының Индонезияда ұшуға рұқсат етілетін лицензиясынан айырылып қалуы мүмкін екендігін хабарлады. Ал БАҚ өкілдеріне компания президенті Суну Видьятмоко тексеру кезінде өзінің де оларға көмектесетіндігін айтты.
Индонезия билігі AirAsia әуе компаниясына апатқа ұшыраған лайнердің бағыты бойынша ұшуға тыйым салды. Азаматтық авиация басқармасының хабарлауынша, тергеу жұмысы аяқталмайынша, аталған ұйымның әуе кемелеріне Сурабая-Сингапур бағытына сапарға шығуына шектеу қойылды.