Ұшақ сынықтарын зерттеу үшін сүңгуір қайықтар мен сүңгуірлер жұмылдырылған. Жұмысқа қатты жел мен асау толқын бөгет келтіріп отыр.
Құтқарушылар тобы ұшақты іздеу барысында оқиға орнынан 30 адамның мүрдесін тапты.
Индонезияның Сурабая қаласынан Сингапурға бағыт алған Airbus А320 ұшағының бортында 162 адам болған. Жолаушылардың 3-еуі оңтүстіккореялық, 1-еуі британдық, 1-еуі малайзиялық, 1-еуі сингапурлік, ал қалған 157-сі Индонезия тұрғындары екен.
Бұл туралы bbc хабарлайды.