Ява теңізіндегі іздестіру және құтқару операциясының жүргізіліп жатқанына бүгін 8 күн болғанын айта кетейік. Сурабая қаласына жеткізілген денелерді арнайы сот-медициналық сарапшылар тексеріп жатыр. Қазіргі таңда 9 адамның кім екені анықталған. Естеріңізге сала кетейік, 28 желтоқсанда апатқа ұшыраған әуе кемесінің бортында 162 адам болған, деп жазады 24.kz.