Естеріңізге сала кетейік, 28 қаңтар күні әуе диспетчерлік қызметі Малайзияның Air Asia әуе компаниясының индонезиялық Сурабая қаласынан Сингапурге ұшып шыққан ұшағымен байланысты 40 минуттан кейін жоғалтып алған.
Әуе көлігінің ішінде 162 адам болған, олардың арасында Корея Республикасының үш азаматы, бір сингапурлық азамат және Малайзияның бір тұрғыны болған, қалған 157-сі - Индонезияның азаматтары. Оқиға орнынан ұшақты табуға көмектесетін арнайы құрылғы әкелінді. Апат болған жерде қатты толқын болуы салдарынан 30 метр тереңдікке құлаған ұшақты іздестіру жұмыстары жұма күні кешке тоқтатылған болатын. Күн райы жақсы болысымен француз сарапшылары «қара жәшікті» іздеу жұмыстарына кіріседі.