AirAsia ұшағы апатында құрбан болғандардан 16 адамның кім екені анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - AirAsia Indonesia компаниясы ұшағының апатқа ұшырауынан құрбан болған адамдардың 39-ын құтқарушылар судан алып шықты, 16 адамның кім екені анықталды.

Осыған дейін 37 мәйіттің шығарылғаны және 13 адамның кім екені белгілі болғаны туралы хабарланған еді. "Екеуін таптық: бір адамның мүрдесі малайзиялық Kasturi кемесінде, екіншісі жапондық Onami кемесінде болған",- деді іздестіру-құтқару жұмыстарының директоры. Ол екі тікұшақтың осы екі кемеден мәйіттерді Панкаланбуун қаласындағы Индонезияның әскери әуе күштері базасына жеткізуге жіберілгенін айтты. Осылайша, полиция қызметкерлері сәрсенбі күні үш адамның кім екенінің анықталғанын айтуда. Олар апат құрбандарын сәйкестендіріп тану үрдістерін тезірек аяқтауға бар күш-жігерлерін салуда. Индонезия ұлттық полициясының басшысы генерал Сутарман бұдан бұрын табылған денелердің бәрі қандай күйде болмасын, міндетті түрде танылатынын айтқан болатын, деп хабарлады РИА Новости. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы 28 қаңтар күні әуе диспетчерлік қызметі Малайзияның Air Asia әуе компаниясының индонезиялық Сурабая қаласынан Сингапурге ұшып шыққан ұшағымен байланысты 40 минуттан кейін жоғалтып алған.

Әуе көлігінің ішінде 162 адам болған, олардың арасында Корея Республикасының үш азаматы, бір сингапурлық азамат және Малайзияның бір тұрғыны болған, қалған 157-сі - Индонезияның азаматтары.