AirAsia ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына $24 000 төлем төлемек

АСТАНА. ҚазАқпарат - AirAsia Indonesia әуе компаниясы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына өтемақы ретінде 24 000 доллардан төлем төлейді, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Қаза болғандардың туған-туыстарына оларға қаржылық көмек көрсетілетіні туралы хабарланған хаттар жолданды.

«Осы хаттың мәтініне сәйкес, туғандары отбасылардың әрбір мүшесі үшін 24 000 доллардан алуға құқылы», - делінген мәтінде.