«Елдің көлік министрлігінің талабын орындап, әр жанұяға сақтандыру сомасын береміз», - деді Indonesia AirAsia басшысы. Осыған дейін әуе тасымалдаушы өтемақы төлеуден бас тартқаны хабарланған.
2014 жылдың 28 желтоқсанында AirAsia ұшағы индонезиялық Сурабая қаласынан ұшқаннан кейін шамамен 40 минут өткен соң радардан жойылған. А320-200 бортында 155 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Бүгінде құтқарушылар QZ 8501 рейсінің бортында болған 41 адамның мәйітін тапты.