Airbus-320 ұшағының ұшу-қону жолағынан неге шығып кеткені белгілі болды
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тексеру жөніндегі комиссиясы 2018 жылғы 22 мамырда «Эйр Астана» АҚ пайдалануындағы Airbus-320 әуе кемесінің «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайындағы жасанды ұшу-қону жолағынан шығып кетуіне байланысты авиациялық оқыс оқиғаны тексеруді аяқтады», - делінген аталған ведомство хабарламасында.
Министрлік мәліметінше, авиациялық оқыс оқиғаның басты себебі - ұшақтың 311о-ке дейінгі бағыттық мәнде әрі бүйірден секундына 22 метр жылдамдықпен қатты жел соғып тұрған кезде қонуы. Airbus-320 қонғаннан кейін жылдамдықты секундына 6 метрге дейін күрт төмендеткен. Сондықтан, бүйірден соққан қатты желдің орнын толтыру үшін құрастырылған ұшақ (22 м/с дейін) жел жылдамдығының күрт азаюы жағдайында (6 м/с дейін) жасанды ұшу-қону жолағының осінен оңға қарай бұрылған. Экипаж ұшақты басқара алмай, әуе кемесі жасанды ұшу-қону жолағынан шығып кеткен.
Еске салайық, өткен жылы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында «Эйр Астана» әуекомпаниясының Шымкент - Астана бағытындағы ұшағы қонғаннан кейін ұшып-қону жолағынан шығып кеткен еді. Ұшақ ішінде 106 адам болған,