Airbus апаты аймағында судан 40 адамның мәйіті шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Air Asia авиакомпаниясының Airbus ұшағы апатқа ұшыраған аймағында Яванск теңізінен индонезиялық құтқарушылар 40 адамның мүрдесін шығарды.

Индонезия президенті Джоко Видодо Калимантан аралына ұшып барды, ол ұшақ сынықтары табылған жерде іздеу-құтқару операцияларын өзі жеке бақылауына алды, деп хабарлады Антара ұлттық ақпарат агенттігі. Air Asia авиакомпаниясының басшысы Тони Фернандес Airbus жолаушылары мен мүшелерінің туған-туыстарына көңіл айтты.