Airbus компаниясы екідеңгейлі орындықтарды патенттемек (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ірі әуеқұрылыс компаниясы ұшақтағы екідеңгейлі жолаушы орындығының жаңа дизайнын патенттеуге өтінім берді. Airbus мұндай жазылмалы орындықтарды бизнес-класс бөліміне орналастырмақ, деп жазады The Daily Mail.

Құрастырушылардың айтуынша, екідеңгейлі жаңа орындықтар жолаушылар үшін тек жайлы болмақ. Өйткені, әр орындықты шалқайтуға, аяқ созып, еркін демалуға болады.