Airbus Лондоннан Нью-Йоркке бір сағатта ұша алатын ұшақты патенттеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Airbus компаниясы Нью-Йорктен Лондонға жолаушыларды 60 минутта тасымалдай алатын ұшаққа патент алды, деп хабарлады Gazeta.ru Fox News-ке сілтеме жасап.

Ұшақ «Конкорд-2» деп аталады. Патентке сәйкес, бұл ұшақ үш жеке қозғалтқыштың комбинациясын пайдаланғандықтан, жылдам ұшады.

БАҚ мәліметінше, бұл ұшақ «Конкордтан» үш есе жылдам ұшады.

Патенттегі ақпаратқа сүйенсек, Airbus жаңа «Конкордты» әскери мақсатта пайдалануды көздеп отыр. Ал салонға 19 жолаушы сыяды. Жоба коммерциялық авиатасымалдау саласында пайдаланылатыны не пайдаланылмайтыны белгісіз.

«Газета.Ru» материалында «Конкорд» дамуының тарихы, нәтижелері мен сәтсіз жағдайлары еске алынып жазылған.