Құрал тікелей смартфоннан қуат алып, жұқпалы ауруларды қан маркерлері бойынша анықтайды. Ол үшін саусақтан алынған бір тамшы қан ғана жеткілікті. Талдауға 15 минут кетеді.
Құрал жеңіл әрі кішкентай. Оның жұмысы үшін реагенттері бар бір рет пайдаланылатын қабылдағыштар керек. Құралдың жалпы сомасы 34 доллар. Қарапайым зертхананың жабдықталуына 18 мыңнан астам доллар жұмсалады, деп жазады MedDaily.