Ақ аю шелекті суға толтырып, ішуге әрекеттенді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жауынгерлік өнер нұсқаушысы Ольга Дмитриева бос уақытында ақ аюларды суретке түсіргенді жақсы көреді. Бірде, мәскеулік зообақта ақ аю торының жанынан өтіп келе жатып, ол осы бір ерекше кадрды суретке түсіріп алған.

Аю кішкентай көк түсті пластикалық шелекпен ойнап, оны ұстап жүзіп жүреді де бір кезде оны суға толтырып, ішуге әрекеттенеді.