Ақ аюлардың үштен бір бөлігі жер бетінен жойылып кетуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2050 жылға таман жер шарындағы ақ аюлардың үштен бір бөлігі жойылып кетуі мүмкін, деп жазады «Хабар 24».

Нақтырақ айтсақ, қазіргі 26 мың хайуанның 17 мыңы ғана қалады.

Бұл мәліметті Халықаралық табиғатты қорғау одағының өкілдері де растап отыр. Ал ғалымдардың айтуынша, ақ аюлардың азаюына климаттың өзгеріп, мұздықтардың еруі себеп. Өйткені жабайы хайуандарға итбалықтарды аулап, тамағын тауып жеу үшін мұз қажет.