ІІМ Жол полициясы таратқан баспасөз айғағында хабарланғандай, ЖПІШ кезінде 42648 жол қозғалысы ережелерін бұзушылық (2010 ж. - 30193) анықталды. Оның ішінде: көлікті мас күйде басқаруға байланысты 1101 бұзушылық (2010 ж. - 721); жылдамдықты асырудың 7162 фактісі (2010 ж. - 6006); қозғалыстың қарсы жолағына шығу тәртібін 960 бұзушылық; ІІО қызметкерлерінің тоқтау жөніндегі талаптарын орындамаудың 165 фактісі; көлікті құжатсыз басқарудың 3218 фактісі; автомобильді басқаруда жүргізушілермен телефонды пайдаланудың 2687 фактісі; қауіпсіздік белдігін пайдалану тәртібін 5855 бұзушылық; жаяу жүргіншілермен жасалған ЖҚЕ-ні 2088 бұзушылық анықталды.
Жолаушылар көлігінің жүргізушілерімен жасалған 2022 бұзушылық, жүк көлігінің жүргізушілерімен - 1126, мемлекеттік көлік жүргізушілерімен 646 бұзушылық анықталды.
ЖПІШ барысында 30957 шақырым автожолды қамту арқылы көше-жол желісіне 1218 тексеріс-зерттеулер және теміржол өткелдеріне 498 тексеріс-зерттеулер жүргізілді. Жолдарды ұстаудағы кемшіліктерді жою жөнінде 715 хаттамалар берілді, жолдарды қанағаттанғысыз ұстағаны үшін 128 лауазымды адам, өткелдерді -74 лауазымды адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Қаіпсіз жол» ЖПІШ кезінде 294 қылмыстар ашылып, оның ішінде тікелей жол полициясы қызметкерлерімен 51 қылмыс ашылды. Қоғамдық тәртіпті 859 бұзушылық, көші-қон заңнамасын 384 бұзушылық анықталып, 220 адам ұсталды.