Оның айтуынша, Ойындардың ашылуында да, оның жабылуында да барлығы Қазақстан үшін мақтаныш сезімінде болды.
«Біз үйлерімізге Қазақстан мен оның халқы туралы жылы сезіммен қайтамыз. Осы жердің халқының қонақжайлылығы мен ақжарқындығының арқасында біз Қазақстанда өз елімізде жүргендей болдық. Елдің тұтқа ұстарлары мен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа көп рахмет», - деген Т.Фок келесі сөзді ҚР Президентіне ұсынды.
Еске сала кетсек, бұл Ойындар біздің құраманың толықтай жеңісімен аяқталды. Қазақстандықтардың қоржынында 70 медаль бар, оның 32-сі алтын.