Ақ боран 500 мың үйді жарықсыз қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақ боран салдарынан АҚШ-тың оңтүстік штатындағы жарты миллионнан астам ғимарат электр энергиясыз қалды. Табиғи апаттан Техас, Солтүстік және Оңтүстік Каролина аумақтары зардап шекті.

Осы орайда Президент Барак Обама Оңтүстік Каролинада төтенше жағдай жариялады. Онда күннің қатты суытуынан пальма ағаштарын мұзды қабыршақ басып қалған. Метеорологтар боран күшейеді деп болжап отыр. Айта кетейік, қаңтардағы қарлы боран АҚШ-тың солтүстік-шығысында көлік қозғалысын қиындатқан еді.