Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
Министрдің сөзіне қарағанда, бірінші жартыжылдықта қалалық сумен жабдықтау және су бұру бойынша қаражаттарды игеру 76,1 пайызды құрап отыр. Бұл ретте қаражаттың ең төмен игерілуі Маңғыстау (15,3%), Ақмола (53,9%) және Қостанай (56,8%) облыстарында байқалған. Ал селолық сумен жабдықтау бойынша игеру 93,5 пайызды құраған.
«Бұдан бөлек, өңірлердің және тұтастай ел экономикасының өсуіне жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау жақсы серпін беруі қажет. Осы мақсаттарға жобаларды іске асыру үшін 2100 елді мекенде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 2013 жылы республикалық бюджеттен 6 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінді», - дейді министр.