Сайттың хабарлауынша, 2012 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында қалалық сумен жабдықтау бойынша 43,3 млрд. теңгенің 104 жобасы жүзеге асатын болады. Ал дәл осы бағытта ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау аясында 33,9 млрд. теңгеге 233 жобаны жүзеге асыру көзделеді.
Бұдан бөлек, ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтаудың 356 жүйесіне зерттеу шаралары көзделсе, қазірдің өзінде бұның 230-ы аяқталған.
Сонымен қатар, сумен жабдықтау саласында жөндеу және жаңғыртудың инвестициялық жобаларынан бөлек, мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестікті дамыту мәселесіне салмақ салынатын болады.