Салға нақты не болғаны және онда қанша адам болғаны әзірге белгісіз. Болжам бойынша, салға өте көп адам отырып алғандықтан, артық салмақты көтере алмай батып кетуі мүмкін.
Суға кеткендердің барлығы - Оңтүстік Суданның Малакаль қаласының тұрғындары. Олар сол қалада үкімет әскерлері мен бұрынғы вице-президент Риек Мачардың жақтастары арасында болып жатқан қарулы қақтығыстан қашып шыққан екен.
Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Судандағы қақтығыс 2013 жылдың желтоқсанының орта шенінен бері жалғасып жатыр. Осы уақыт арасында бұл елден қашқан босқындардың саны 50 мыңнан асып кетті. Олардың көпшілігі көрші Угандаға бас сауғалаған. Ал қақтығыс құрбандарының саны мыңнан асты.