Ақ үй Трамптың бейбітшілік жоспарына қатысты Қазақстан ұстанымын атады

Фото: t.me/ruslanzheldibay

АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ президентінің әкімшілігі Дональд Трамптың Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысты тоқтату туралы бастамасын қолдаған елдердің аты аталған материал жариялады. Олардың қатарында Қазақстанның да бары көрсетілген, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

Мақалада ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың «Қазақстан бұл бастаманы Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу, мемлекетаралық сенімді нығайту, тұрақты және әділетті бейбітшілік орнату жолындағы бірегей мүмкіндік және маңызды қадам ретінде қарастырады» деген сөзі келтірілген.

Естеріңізге сала кетейік, Руслан Желдібай Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі жан-жақты бейбітшілік жоспарын құптайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін Ақ үй 21 негізгі тармақты қамтитын және Газаның көршілеріне қауіп төндірмейтін «террор мен радикализмнен азат аймақ» құру идеясымен басталатын жоспар жариялаған болатын.