«Ол халық алдына шыққанда басқа әйел, ал шоу аяқталғаннан кейін мүлдем басқаша адам», деп жазады авторлар. Күзетшілер Хиллари Клинтонмен бірге жұмыс істеу азап болғанын айтады. Ол қауіпсіздік қызметкерлеріне күн сайын ұрысқан, тіпті балағат сөздер де айтқан.
Күйеуінің сайлау науқаны кезінде оны кедей ауданға әкелген, ал ол ақша жоқ жерде, сайлаушы да жоқ деп мәлімдеген. Кітап авторының айтуынша, Ақ үйдің өте сезімтал бір қызметкері Хиллари Клинтон оны сөккеннен кейін өзіне қол жұмсап, қайтыс болып кеткен.