Ақ үй Ресей мен АҚШ президенттерінің Аляскадағы кездесуін тарихи деп атады
АСТАНА. KAZINFORM – Ақ үй Х әлеуметтік желісінде АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің Аляскадағы кездесуінен түсірілген кадрларды жариялады, деп хабарлайды Kazinform.
Фотосуреттің сипаттамасы бір сөзден тұрады: тарихи.
Еске салайық, Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Анкоридж қаласындағы (Аляска) Эльмендорф-Ричардсон әскери базасында бастапқыда жеке кездесу ретінде жоспарланған кездесу «үш-үш» форматында өтіп, үш сағатқа жуық уақытқа созылды.
Келіссөздерден кейін Путин мен Трамп ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.
Владимир Путин Ресей Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екенін айтты. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесуінде «біраз ілгерілеушілікке» және «көп прогреске» қол жеткізгенін атап өтті. Бірақ «келісім жасалмайынша ешқандай мәміле болмайтынын» айтты.
Путин мен Трамп бұған дейін 6 жыл бұрын кездескен.