АҚШ-та шатдаун бүгін аяқтала ма

Фото: ANEWZ

АСТАНА. KAZINFORM — Ақ үй бүгін АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаун аяқталуы мүмкін деп үміттенеді. Президент Дональд Трампқа заң шығарушылар қаржыландыру туралы келісімді жіберуге дайын, деп хабарлайды ANEWZ.

АҚШ-та шатдаунның басталғанына 43 күн болды.

— Ақ үй республикашылдардың арқасында бүгін кешке шатдаун аяқталады деп үміттенеді. Президент Трамп бұл дағдарысты тоқтатуды асыға күтіп отыр, — деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролин Ливитт.

Оның айтуынша, Трамп заң жобасына журналистер алдында қол қоюы мүмкін. 

Заң жобасы үкіметті 30 қаңтарға дейін бұрынғыдай қаржыландырады. Сондай-ақ шатдаун кезінде ақысыз демалысқа жіберілген федералды қызметкерлер жұмысқа қайта оралады. 

Бұған дейін АҚШ-та 2 500-ден астам рейс кейінге қалдырылғаны туралы жаздық