Ақ үй Трамп пен Путин кездесуінің мақсатын атады
23:46, 12 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — 15 тамыз күні Анкоридж қаласында (Аляска) АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуі өтеді, деп хабарлайды ТАСС.
Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт мәлімдеді.
Оның айтуынша, жұма күні таңертең АҚШ президенті бүкіл елді кесіп өтіп, Ресей басшысымен екіжақты келіссөздер өткізу үшін жолға шығады.
— Бұл кездесудегі президенттің басты мақсаты – осы соғысты қалай тоқтата алатынымызды тереңірек түсініп қайту, — деді Ливитт Украинадағы қақтығыс туралы айта отырып.
Еске салайық, өткен аптада Трамп 15 тамызда Аляскада Путинмен кездесетінін хабарлаған болатын.
Анкоридж қаласында келіссөздер алдында қауіпсіздік шаралары күшейтілгені белгілі болды.