Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт мәлімдеді.
Оның айтуынша, жұма күні таңертең АҚШ президенті бүкіл елді кесіп өтіп, Ресей басшысымен екіжақты келіссөздер өткізу үшін жолға шығады.
— Бұл кездесудегі президенттің басты мақсаты – осы соғысты қалай тоқтата алатынымызды тереңірек түсініп қайту, — деді Ливитт Украинадағы қақтығыс туралы айта отырып.
Еске салайық, өткен аптада Трамп 15 тамызда Аляскада Путинмен кездесетінін хабарлаған болатын.
Анкоридж қаласында келіссөздер алдында қауіпсіздік шаралары күшейтілгені белгілі болды.