Ақ үйде Трамп пен Зеленскийдің кездесуі өтіп жатыр
АСТАНА.KAZINFORM — Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу үшін Ақ үйге келді. Кездесуде Украинаның сирек жер металдары мен басқа да пайдалы қазбаларын өндіру туралы негіздемелік келісімге қол қойылады деп күтіледі. Бұл туралы BBC жазды.
Фото: BBC
Кездесу туралы тікелей эфир AP арнасынан көрсетіліп жатыр.
Фото: BBC
Бұл ретте Трамп Украинадағы сирек жер металдары туралы келісімге бүгін қол қойылатынын айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Украинаға қатысты бір тоқтамға келу жөніндегі келісімге жақында қол жеткізетінін немесе мүлде жүзеге аспайтынын АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен кездесуі барысында айтқан болатын.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)