«Ол баспасөз хатшысы болады», - деп мәлім етті журналистерге Скарамуччи.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Шон Спайсер отставкаға кетуге өтініш берген болатын. Оған Спайсердің Америка басшысы Дональд Трамппен кадрлық мәселелерге қатысты келіспеушілігі себеп болған. Ол қаржыгер Энтони Скарамуччидің Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры болып тағайындалуына қарсы шыққан.
Трамп Спайсерге баспасөз хатшысы қызметінде қалуды ұсынғанымен, ол одан бас тартып, Скарамуччидің тағайындалуын «үлкен қателік» деп атады.
Шон Спайсер Америка президентінің баспасөз хатшысы қызметіне 2017 жылдың 20 қаңтарында тағайындалған болатын.