«Ақ Жайық» резерватының 5 гектар жері жанып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Каспий жағалауындағы «Ақ Жайық» резерватының аумағында қамыс өртенді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккерге сілтеме жасап.

Өрт шалған жердің жалпы аумағы шамамен 5 гектарды құрайды. Қызыл жалынды резерват қызметкерлері сөндіріп жатыр.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ІІМ ТЖК-ның өрт сөндіруге арналған арнайы тікұшағы да жұмылдырылды.