Съезге өңірлік партия конференцияларында өкілдік ету нормаларына сәйкес сайланған 200-ден астам делегат қатысады.
Съезд барысында делегаттар келесі мәселелерді қарастырады:
1. «Ақ жол» демпартиясының Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуы туралы;
2. Партияның саяси бағдарламасын бекіту;
3. Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту;
4. Ұйымдастыру мәселелері.
Айта кетейік, Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы болып сайланды.