«Ақ жол, Қазақстан!» атты республикалық сайлауалды автожорық басталды
19:08, 30 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Ақ жол» ҚДП-ның орталық кеңсесінен «Ақ жол, Қазақстан!» атты республикалық сайлауалды автожорық басталды.
Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға партияның жастар қанаты мен оның белсенділері және икемді үгіт-насихат тобы қатысты. Жарыстың маршруты Ақмола облысынан Қазақстанның барлық аймақтарына дейін жалғасады. Ол 2012 жылдың 11-і қаңтарында аяқталады.
Автожарыс барлық ауыл және жергілікті аймақтарында сайлауалды үгіт-насихатты өткізумен қатар партияның тұғырнамасын таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.