Алдымен партияның Жамбыл облыстық филиалында партия төрағасы жергілікті кәсіпкерлермен пікірлесті.
Сондай-ақ үгіт-насихат тобы өңірдегі бірнеше кәсіпорынды аралады. Олардың қатарында «ПОШ-Тараз» фабрикасы, «Тараз КожОбувь», «Тараз тері зауыты» бар. «ТаразКожОбувь» өндірістерге қажетті былғары аяқ киімдерді шығарады. Өндіріс өз цехтарында заманауи германдық қондырғыларды орнатқан. Ал «ПОШ-Тараз» болса, аймақтағы 1961 жылы іргетасы қаланған ең көне өндірістердің бірі. 2010 жылы мұнда қуаттылығы 873,6 тонна жаңа жүн өңдеу цехы іске қосылған болатын. Бұл өндіріс те заманауи француздық қондырғылармен жабдықталған. «ПОШ-Тараз» зауытында ақжолдықтар өз сайлауалды бағдарламаларын түсіндірді.