Флешмобты ұйымдастыру кезінде барлық санитарлық және карантиндік нормалар сақталды. Шараны «Ақ жол» ҚДП Алматы филиалының жастар кеңесі ұйымдастырды.
Флешмобтың би ырғағы «MEGA Alma-Ata» сауда орталығына келушілерді бейжай қалдырмады.
Акция «Мекенім Қазақстан» әнімен аяқталды.
Жас «ақжолдықтар» еріктілермен бірге алматылықтарға үгіт-насихат материалдарын таратып, Тәуелсіздік күнімен құттықтады.