«Ақ жол» партиясының төрағасы А. Перуашев телесайыс барысында өз көзқарасын білдірді
«Құрметті әріптестер, құрметті сайлаушылар! Бүгінгі күні әлемдегі дағдарыс аясында орын алып отырған жағдайдың бір себебі бұл - мұнай мен жалпы шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы. Ал осындай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы отандық өндірушілерді қолдау болып табылады. Сондықтан да, біз үшін де бірден-бір жол тек шикізат ресурстарына, табиғи байлықтарға қарамай, өзіміздің өнімді шығару. Өкінішке қарай, қазір қиярдан іш киімге дейін Қазақстанға шетелден әкелінеді», - деді А. Перуашев.
«Ақ жол» партиясы басшысының айтуынша, қазіргі таңда шикізатқа тәуелділіктен кетіп, өзіміздің тұтынушылық және басқа да тауарларды дамытуға күш салатын кез жетті. «Ал бұл үшін ең бірінші кезекте отандық өндірушілерді қолдау қажет», - деді ол.
Еске салайық, саяси партиялар өкілдерінің сайысына «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, ҚХКП Владислав Косарев, «Ауыл» партиясынан Әли Бектаев, «Ақ жол» партиясынан Азат Перуашев, «Бірлік» партиясынан Роза Қуанышбаева, ЖСДП Зәуреш Батталова қатысты.
Пікірсайыс «Хабар» арнасы арқылы көрсетіледі деп жоспарланған.