А. Сейтешев - кәсіптік педагогиканың негізін қалаушы, КСРО Педагогикалық ғылым академиясы, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, РҒА-ның құрметті мүшесі, Бүкіләлемдік кәсіптік білім қауымдастығының толық мүшесі, профессор, РАО-ның шетелдік мүшесі, КСРО ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, ТМД-ның «Ұлттық кадрлар даярлаудағы ықпалдастық пен сарабдалдық» мәселесі жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы.
«Мен осы еңбегіме өмірімнің 50 жылын арнадым. Бұл еңбегімді бүгінде Ресей, Украина, Орталық Азия елдері және басқалар сатып алуда. Бұл ғылыми ізденісте мен педагогиканың әдістері, әдіснамасы, теориясы және басқа да қырларын толық қарастырдым. Енді осы кітаптарымды кейінгі жастар қажетіне жаратса деймін», -дейді ғалым.
Бүгінде А. Сейтешевтің ғылыми мектебі бар. Ол 48 ғылым докторы мен 79 ғылым кандидатын дайындап шығарды. 40 жылдан астам философия, әлеуметтану, техника, геронтология және басқа ғылым салаларымен айналысып, 48 монографияның, 12 оқулық пен 200 кітап, мыңнан аса ғылыми мақалалардың авторы атанды.