Академик Р. Төлебаев пен оның ғылыми мектебі қазақстандық отоларингологияны халықаралың деңгейге көтерді - ректор М. Шайдаров
Бүгін Қазақстан Респуликасының еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі, IAO-HNS (оториноларингология халықаралық академиясының) толық мүшесі медицина ғылымының докторы, профессор Райс Төлебаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция барысында Астана медициналық университетінің ректоры Мәжит Шайдаров осылай мәлім етті.
«Райс Төлебаевтың басшылығымен негізі қаланған ғылыми мектебі өнеркәсіп өндірісі мен қоршаған орта факторларының жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабығы мен есту органдарына тигізер ықпалын зертеуде жоғары жетістіктерге жетті. Ғалым мен оның мектебі отандық оториноларингологияның дамуына қомақты үлес қосып, оны халықаралық деңгейге көтерді. Ол республикада тұңғыш рет өнеркәсіптер мен ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларында жұмыс істейтін тұлғалардың жоғары тыныс алу жолдары мен есту органдарына биологиялық, физикалық және химиялық факторлардың тигізер ықпалын кең көлемде жан-жақты зерттеді. Тыныс алатын жүйенің функционалдық жағдайы терең зерттеліп, жоғары тыныс алу трактының шырышты қабығы патологиясының этиопатогендік әдістері алғаш рет енгізілді», - дейді М. Шайдаров.
Сонымен қатар ректор Р. Төлебаевтың есімі бүгінгі күні республикада ғана емес, шет елдердің ғалымдары арасында құрметпен аталатынын атап өтті.